22/11/2019  Жұма
Қарағанды облысының білім басқармасының

Тәттімбет атындағы
Қарағанды өнер колледжі

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Қош келдiнiздер!

Сіздерді шақырып отырған оқу орны 1952 жылы Тәттімбет атындағы музыкалық училищесі және 1968 жылы Қарағанды мәдени-ағартушылық училищесі ретінде құрылды.

1997 жылы осы екі оқу орны, сонымен қатар Теміртау музыкалық училищесі «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК болып біріктірілді.

Біздің оқу орнымыздың дәстүрлерінің негізін алғашқы педагогтер – Мәскеу, Ленинград, Тбилиси, Новосибирск, Алматы қалаларының ұлы музыкантшылары қалады.

Кәсіби музыкантшылар, әншілер және суретшілердің жаңа ұрпағының арқасында мәдениет, өнер, педагогикалық шеберліктің дәстүрлері сақталынып әрі артып келеді.

Біздің түлектеріміз Мәскеу, Санкт-Петербург, Челябинск, Новосибирск, Бішкек, Алматы, Астана және жақын әрі алыс шетел қалаларының консерватория түлектері болды.

Колледждің көптеген оқушылары мен түлектері Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаттары атанды.

Колледжде үрмелі және қазақ халық оркестрі, аралас хор, вокалды және хореографиялық ансамбльдері бар.

Қабылдау келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі:

1. Кітапхана ісі (кітапханашы мамандығы, 11-сынып базасында, қазақ, орыс).

2. Әлеуметік-мәдени қызмет және халық көркемөнер шығармашылығы (мамандықтар – бос уақытты ұйымдастырушы педагог,би ұжымының жетекшісі; декоративтік-қолданбалы өнер ұжымының жетекшісі; көпшілік театрландырылған қойылымдардың режиссері; 11-сыныптар базасында).

3. Аспаптық орындаушылық (мамандықтар –БММ оқытушысы, концертмейстер, оркестр, ансамбль әртісі; аспаптар – фортепиано, ішекті, үрмелі, эстрадалық, орыс және қазақ аспаптары; 9-11- сыныптар базасында ).

4. Хорға дирижерлік ету (мамандығы – хормейстер, оқытушы; 9-11- сыныптар базасында ).

5. Музыка теориясы (мамандық – БММ оқытушысы; 9-11- сыныптар базасында ).

6. Ән айту (мамандық – академиялық ән салу әртісі; домбырамен халық әнін айту әртісі, БММ оқытушысы; эстрадалық ән айту әртісі, БММ оқытушысы;9-11- сыныптар базасында ).

7. Хореография өнері (мамандық – би ансамблінің әртісі; 9-11- сыныптар базасында ; қазақ, орыс).

8. Актерлық өнер (мамандық- драма театрының әртісі; қазақ, орыс, 11- сыныптар базасында ; музыка театрының әртісі-вокалшы, 9-11- сыныптар базасында ).

 

 

Соңғы жаңалықтар мен іс-шаралар