23/10/2021  Сенбі
Қарағанды облысының білім басқармасының

Тәттімбет атындағы
Қарағанды өнер колледжі

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

2021 жылдың 31 наурызында ZOOM платформасында «Жезқазған музыкалық колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен музыкалық колледж студенттері мен Қарағанды облысының музыкалық мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында музыкалық –теориялық пәндер бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты: білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды және олардың кәсібилігін қалыптастырудың маңызды факторы ретінде музыкалық-теориялық цикл пәндерін тереңдетіп меңгеруге деген қызығушылығын ынталандыру.

Байқауға 12 қатысушы қатысты.

I және II кезеңдердің қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:

1 орын Тлеп Даяна Самалқызы «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті Жетекшісі Прудникова Наталья Яковлевна

2 орын Абилхасенова Назерке Мерекеқызы, Қарағанды қ. «Мамандырылған музыка мектеп-интернаты» КММ оқушысы. Жетекшісі Кусаинова Сәуле Қуанышовна

3 орын Урусов Юрий Вадимович «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті Жетекшісі Прудникова Наталья Яковлевна

Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Жеңімпаздар димпломдармен марапатталады.