23/10/2021  Сенбі
Қарағанды облысының білім басқармасының

Тәттімбет атындағы
Қарағанды өнер колледжі

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

15.04.21 1Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы , КМҚК  «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі»,  колледж кітапханашыларының  облыстық әдістемелік  бірлестігі  жұмысының шеңберінде  қашықтықтан «Кітапханашының кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру тәжірибесін жүзеге асыру»   тақырыбында  2021 жылдың   9-шы сәуірінде  облыстық семинар өтті. Семинарға колледж кітапханашылары қатысты.

Семинарда ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры Насырова  Айман Алиевна «Кітапханаларды кешенді дамыту», Н. В. Гоголь  атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми   кітапханасының «Кітапхана ісін  автоматтандыру» бөлімінің инженер-жүйетехнигі  Абрамчук Елена Андреевна «Қарағанды ОӘҒК-ның электрондық ресурстарын құру және ілгерілету», КЕАҚ ҚарТУ кітапханасы директорының орынбасары, БИД магистрі  Садирбаева Ляйля Марленовна «Университет кітапханасы бүгін», колледждің  «Кітапхана ісі» бөлімінің меңгерушісі  Муханбетчина Кызылгул Советовна «Библиографиялық объектілер. Олардың мақсаты және міндеттері» тақырыбында баяндама жасады.
Шара соңында кітапханашылар өз ой пікірлерін қосты.

15.04.21 2